Исмагулов Рамазан Тастайұлы Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы Жымпиты ауылында 1958 жылы 1 мамырда дүниеге келген.
1981 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтының инженер-механик мамандығы бойынша аяқтаған.
1989-1992 жылдары Жымпиты аудандық байланыс торабының бастығы.
1992-1995 жылдары Сырым ауданы Қызыл-ту колхозының бас инженері.
1995-1997 жылдары Сырым ауданы Қызыл-ту колхозының төрағасы.
1998-2000 жылдары Сырым ауданы Алғабас өндірістік кооперативінде басқарма төрағасы.
2000-2008 жылдары Сырым ауданы «Алғабас - МТС» ЖШС директоры.
2009 - 2012 жылдары Зеленов ауданы Трекин ауылдық округінің әкімі.
2012-2016 жылдары - 5 шақырылымдағы Зеленов аудандық мәслихатының хатшысы.
2016 жылғы 25 наурыздағы Зеленов аудандық мәслихатының ұйымдастыру сессиясының №1-1 шешімімен 6 шақырылымдағы Зеленов аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
Үйленген, үш баласы бар.