Зеленов аудандық мәслихат хатшысының

2017 жылғы 28 тамыздағы №23

өкімімен бекітілген

«Зеленов аудандық мәслихат аппараты»ММ

(ұйымның атауы)

 

Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы стандарт

Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стандарт «Зеленов аудандық мәслихат аппараты» ММ-і қызметінде және аппарат  қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық жағдайларының туындауына жол бермеу негізінде әзірленген.

1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: Жергілікті өкілді орган

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Зеленов аудандық мәслихат аппараты»ММ-і

3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдар іс-әрекет қағидалары:

3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс жасау;

Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу;

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен оларды қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін заңмен белгіленген тәртіпте, мерзімде қарау және қажетті шаралар қолдану;

Лауазымдық өкілеттіліктерін орындау барысында саяси партиялар мен қоғамдық және діни қауымдастықтардың қызметтерінен тәуелсіздік және бейтараптық таныта білу;

Нормативтік құқықтық актілерде сәйкес келмеу және әртүрлі түсініктемелер анықталған жағдайда,  нормативтік құқықтық актіні дайындаған құзіретті органға дереу хабарлау;

Лауазымдық өкілеттіліктерін орындау барысында, ҚР Заңдарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жеке өмірі және ар-намысын қозғайтын мәліметтерді жария етпеу және олардан мұндай ақпарат беруді мұқтаждамау;

3.2. өз құзіреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

Мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігіне жол бермеу үшін, кез келген шаралар қабылдау.

Бақылау және өзге де шараларды жүргізу барысында шешім шығаруды талап еткен жағдайда, сұрақтарды объективті, заңға сәйкес шешім қабылдау.

Мемлекеттік қызметкердің құзырына кіретін шешім шығару кезінде, өзімен заңда көрсетілген міндеттерін орындауына қатысты ешқандай материалдық игіліктер, қызмет атқарулар және өзге де артықшылықтар қабылдамау;

Өз өкілдіктерін берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес атқару;

Қызметтік міндеттерді атқару барысында жеке және заңды тұлғалардың қалауына бас имеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу;

Еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, берілген міндеттерін тиімді пайдалану; қызметтік міндеттерін дұрыс  және сапалы атқару; жұмыс уақытын тиімді пайдалану.

3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға ұсыныс беру кезінде:

Нормативтік құқықтық актілерге ұсыныс беру кезінде ҚР 2016 жылғы 06-ы сәуіріндегі №480-V ҚРЗ «Құқықтық актілер туралы» заңына қатаң сүйіну;

Нормативтік құқықтық актілердің өзіне және үшінші тұлғалардың игілігіне пайда табу мақсатында қабылдануына жол бермеу;

Белгісіз орта тұлғаларға   және нақты жеке тұлғаларға назарына айналуы қажет.

3.4. тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым қатынастар кезінде:

Мемлекет мүдделеріне шығын келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмысынабөгет болатын және тиімділігін түсіретін әрекеттерге төпеп беру.

Заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын қателіктер мен өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу;

Іскерлік әдеп пен ресми тәртіп ережелерін сақтау;

Басқа мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзушылығын болдырмау немесе бетін қайтару бойынша шаралар қолдану;

Ұжымда, әріптестердің ар намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан ұстану;

Басшылықтың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және тексерілген ақпараттар ұсыну.

 

4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар

Егер мемлекеттік қызметкер жемқорлық туралы ақпаратқа ие болған жағдайда, ол, осындай құқық бұзушылықтардың алдын-алу және тоқтату үшін шаралар қолдануы қажет, сонымен қатар жоғары тұрған басшылығын, сол жұмыс жасайтын мемлекеттік орган басшылығын, құзіретті мемлекеттік органдарды хат жүзінде ақпараттандыру. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкер жоғарыда аталған тұлғаларды және органдарды, оның басқа тұлғаларды жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға итермелегені жөнінде хат жүзінде дереу ақпараттандыруы қажет;

Мемлекеттік функцияларын атқаруға үйлеспейтін қызметтер және кәсіпкерлік қызмет атқаруға; жеке және заңды тұлғалардан лауазымдық қызметін атқарғаны үшін сыйақы алуға (сыйлық, ақшалай сыйлық, қызмет көрсетулер, ойын сауық, демалыс, көлік шығынын төлеу және өзге де сыйақылар);

Лауазымдық құзыреттілігін және оған қатысты мүмкіншіліктерді өзіне мүліктік және мүліктік емес пайда табу үшін қолдануға.